• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Қаңтар, 2022

Ревакцинациядан кейін «жасыл» мәртебе қанша уақыт сақталады?

348 рет
көрсетілді

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева қайта вакцинацияланған азаматтардың «жасыл» мәртебесі қандай мерзімге ұзартылатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қайта егу кезінде «жасыл» мәртебе тағы бір жылға, яғни 12 айға ұзартылады», деп жауап берді ол.

Бүгінгі таңда Алматының 122 960 тұрғыны ревакцинациядан өтті. Бұған дейін қалада 38 518 адам коронавирусқа қарсы «Pfizer» вакцинасын алғаны хабарланған болатын. Жалпы, мегаполисте 1,1 миллионнан астам тұрғын алғашқы компонентпен егілді.