• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Қаңтар, 2022

ІІМ қаңтар оқиғасына қатысты жаңа мәліметтер жариялады

3152 рет
көрсетілді

Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Әділов Санжар қаңтар оқиғасына қатысты қозғалған қылмыстық істерді тергеу барысы жөніндегі жаңа ақпараттарды жариялады, деп жазады Egemen.kz.

«Алматы, Талдықорған, Тараз, Шымкент, Қызылорда, Өскемен, Семей, Атырау, Ақтөбе қалаларында 1466 үй-жайларға шабуыл жасалған. Оның ішінде 71-і мемлекеттік мекемелер. 12-сі әкімшілік ғимараттар мен 27-сі полиция объектілері. Ең көп зардап шеккен бизнес объектілері. Олар зақым келтіруден бөлек тоналды. Олардың саны - 1595. Сондай-ақ 700 автокөлік зақымданып, жойылды. Оның 500-ден астамы полиция, жедел жәрдем, төтенше жағдай министрлігі мен өзге органдардың қызметтік көліктері», деді Санжар Әділов.