• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Қаңтар, 2022

1149 адам қамаудан босатылды – Бас прокуратура

2643 рет
көрсетілді

Орталық коммуникациялар қызметінде Бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Қилымжанов Елдос Тоқтасынұлы қаңтар оқиғасына қатысты қозғалған қылмыстық істерді тергеу барысы жөніндегі жаңа ақпараттарды жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазіргі уақытта прокурорлардың өтініштері бойынша қамауға алынған 1149 адам босатылды, сондай-ақ 4584 адамға ескерту жасалды. 577 адамға салынған айыппұл ескертулерге ауыстырылды. 393 қылмыстық іске тергеу жүргізіліп, құқықбұзушылық деректері байқалмағандықтан босатылды. Осылайша сот пен әкімшілік қамауға алынған 3314 адамның ішінен тек 63-і қамауда.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», деді  Елдос Қилымжанов.