• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Қаңтар, 2022

Жаппай тәртіпсіздікке қатысқан екі азамат ұсталды

271 рет
көрсетілді

Қазақстанның антитеррористік орталығының мәліметінше, Қызылордада жаппай тәртіпсіздіктер мен күштік құрылымдар қызметкерлеріне шабуыл жасады деген күдікпен екі ер адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, ұсталғандардың екеуі де 1982 жылы және 1989 жылы туған Қазақстан азаматтары екен.

«Олардың тәртіпсіздіктер мен ҚР Ұлттық ұланының әскери қызметшілеріне шабуыл жасауға қатыстылығы анықталды. Тінту кезінде олардан Калашников – АК-74М автоматы, 10 патрон және өзге дәлелді заттар алынды», делінген хабарламада.

Ұсталғандарға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жиналған материалдар мен заттай дәлелдемелер қылмыстық іске қосылды.