• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Қаңтар, 2022

Алматыға алты реанимобиль алып берді

306 рет
көрсетілді

Алматыдағы оқиға салдарынан 32 жедел медициналық жәрдем көлігі зардап шекті. Жуырда «Astana Motors» ЖШС Жедел медициналық жәрдем қызметіне жаңа 6 реанимобиль әперді.

«Қаңтардағы қайғылы оқи­ғаларда қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Қазақтың «Ырыс алды – ынтымақ» деген мақалы бар. Бүгінгі таңда әрқай­сы­сымыздың қоса алатын ең құн­ды үлесіміз – бір-бірімізге деген құр­метімізді сақтап, бо­лашақ ұрпақ үшін еңбек ету», деді Нұр­лан Смағұлов атын­дағы қордың ди­ректоры Айдын Сұлтанов.

«Алматыда қаңтар айының басындағы қайғылы оқиға ке­зінде медициналық ұйымның 32 жедел жәрдем көлігі, тағы бір медициналық мекеменің көлігі бүлінді. Сондықтан жаңа­дан беріліп отырған реанимобильдер, әсіресе коронави­рус инфекциясының өсуі мен жедел жәрдем қызметіне жүгінулер көбейіп жатқан заманда өте үлкен көмек болды», деді Ал­маты қаласы Жедел жәрдем қыз­метінің директоры Ербол Сәр­сенбаев.

Hyundai H350 Ambulance жедел жәрдем көлігінде тәжірибесі бар дәрігерлер автомобильдің сенім­ділігін, қауіпсіздігін, функ­­ционалдығы мен қызмет көр­­сетудің қарапайымдылығын атап өтті. Жедел жәрдем көлі­гі­нің ар­тықшылығы, жайлы­лық пен жұм­­сақтығы, бұл дәрі­гер­лерге ауруханаға барар жолда жан­сақтау іс-ша­раларын то­лық жүр­гізуге мүм­кіндік бе­реді. Же­дел жәрдем көлігі Кеден ода­­­­ғының техникалық рег­ла­мент­­теріне, Денсаулық сақ­тау минис­­трлігінің жолаушыларды тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын талап­та­рына сәйкес келеді және Еу­ро-5 экологиялық стандарт­та­рының үдесінен шығады.

Жаңа реанимобильдер ал­ғашқы медициналық көмек көр­сету үшін өкпені жасанды желдету аппараттарымен, өкпені жа­­санды желдету құрылғылары, оттегімен ингаляциялауға арнал­ған жүйе жиынтығымен, дефи­бриллятор-мониторларымен, элек­тр­­­­сор­­­­ғыштармен, ар­те­рия­­лық қы­­сымды, пульсо­к­си­ме­трияны, тем­­ператураны өлшеу функция­лары бар реани­мациялық-анес­тезиологиялық мониторлармен және басқа да заманауи технологиялармен жабдықталғанын айта кету керек.

Реанимобильдің соңғы шық­қан моделінде төбесі жоғары орналасқан. Бұл дәрігерге нау­қасқа тік тұрып көмектесуге мүм­кіндік береді. Сонымен қатар за­манауи жедел жәрдем кө­лігі жоғары жылдамдықта тең­сел­меуіне мүмкіндік береді.

 

АЛМАТЫ