• RUB:
    4.99
  • USD:
    489.36
  • EUR:
    533.45
Басты сайтқа өту
Оқиға 26 Қаңтар, 2022

Алматыда қылмыстық топтың 5 мүшесі ұсталды

374 рет
көрсетілді

Алматының Түрксіб ауданы аумағында антитеррорлық операция режимі енгізілді. Бұл туралы Терроризмге қарсы күрес жөніндегі қалалық жедел штаб мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Терроризмге қарсы күрес жөніндегі қалалық жедел штаб 26 қаңтар күні сағат 00:00-ден 27 қаңтар күні түнгі сағат 00:00-ге дейін Алматы қаласы Түрксіб ауданы аумағында антитеррорлық операциялық режим енгізілгенін хабарлайды», делінген хабарламада.

Терроризмге қарсы іс-шаралар барысында 4-6 қаңтар аралығында Алматыда мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық нысандарға шабуыл жасауға қатысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың бес мүшесі ұсталды. 

«Ұстау кезінде күдіктілерден қару-жарақ (ПМ, маркалы тапаншалар, шолақ мылтық, қаруға арналған гильзалар), ұнтақ тәрізді зат және ерекше иісі бар таблеткалар тәркіленді. Арнайы және құқық қорғау органдары жедел іздестіру шараларын жалғастырып жатыр. Құқық қорғау органдары жұмысына түсінікпен қарауыңызды, олардың заңды талаптарын қатаң сақтауыңызды сұраймыз», деді Алматы қалалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб.