«Қазіргі уақытта ұлттық электр желісінің қалыпты сызбасы толығымен қалпына келтірілді. Қырғызстан және Өзбекстанның энергия жүйесімен параллельді жұмыс жолға қойылды. Сағат 15:50-де (Нұр-Сұлтан уақытымен) Алматы қаласы, Алматы, Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстары тұрғындарын электрмен жабдықтауға шектеулер толығымен алынды. Сағат 20:41-де Жамбыл облысын қоса алғанда оңтүстік аймақтағы барлық шектеулер алынды. Қазақстанның бірыңғай энергия жүйесі қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Тек «Қазфосат» және «ТМЗ» ЖШС-леріне ғана электр берілген жоқ», делінген компания таратқан хабарламада.
Аймақтар
•
26 Қаңтар, 2022
Оңтүстік өңірлерде жағдай толық қалпына келді
297 рет
көрсетілді