«ӨКМ Операторы» ЖШС Құқықтық мәселелер жөніндегі бұрынғы басқарушы директоры Руслан Шәмшиев қайтыс болды. Нұр-Сұлтан полициясы «өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу» бабы бойынша іс қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елордалық полицияның мәліметінше, өлімнің алдын-ала нұсқасы - суицид.
«Ер адамның мәйітін анықтау фактісі бойынша Есіл ауданының полиция бөлімі ҚР ҚК 105-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады», деп хабарлады Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметі.
Ведомство қазіргі уақытта тергеудің толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын нақтылады.
Руслан Шәмшиев 2021 жылдан бастап «ӨКМ Операторы» ЖШС Құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарды.