27 қаңтардан бастап елордада террористік қауіптің жоғары «қызғылт сары» деңгейі алып тасталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елордалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың баспасөз қызметі өкілі жағдай тұрақталғанын мәлімдеді.
«Қабылданған шешімге сәйкес, 27 қаңтарда сағат 00.00-ден бастап қала аумағында террористік қауіптің жоғары «қызғылт сары» деңгейі алып тасталады. Күш құрылымдарының бөлімшелері штаттық жұмыс режиміне көшті», делінген хабарламада.