• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 26 Қаңтар, 2022

Альваресті Андрадемен кездеспегені үшін айыптады

783 рет
көрсетілді

Екінші орта салмақ дәрежесіндегі әлемнің абсолютті чемпионы Сауль «Канело» Альваресті ұзақ жылдар бойы америкалық боксшы Деметриус Андрадемен жұдырықтаспағаны үшін айыптады, деп хабарлайды Egemen.kz.

boxingnews24.com порталында жарияланған мақалада автор «Канелоны» Андрадеден қорқады деп мәлімдеген.

«Бокс жанкүйерлері Альварестің Деметриус Андрадемен ешқашан жекпе-жекке шыққысы келмегенін біледі. Андраде бір емес, екі бірдей салмақта әлем чемпионы атанғаны мәлім. Оның үстіне екі боксшы ұзақ жылдар бойы бір салмақта бақ сынады. Сол кезде де «Канело» онымен шаршы алаңда бетпе-бет келуден қаймықты.

«Канело» неліктен Андрадемен кездескісі келмейді? Өйткені АҚШ боксшысы ол үшін өте қауіпті қарсылас екені белгілі. Стиль жағынан да мексикалық боксшы үшін ыңғайсыз. Тіпті көптеген жанкүйерлер әбжіл қимылдарымен қарсыластарын әбігерге салатын солақай Андраде «Канелоны» жеңе алатынын, оның шеберлігі, қарсыласты сезіну қабілеті жоғары екенін біледі. Тіпті рингте Альваресті ақымақ қылып көрсете алатынын да сезеді.

Андраде секілді мықты қарсыласы бола тұра, Альварес өзі анық жеңетін Билли Джо Сондерс, Калеб Плант секілді былғары қолғап шеберлерімен қолғап түйістіріп, оңай ақша тапты. Өйткені ол Деметриуске шамасы келмейтінін сезді. Ол алдағы уақытта да Деметриус Андрадемен кездесуден қашқақтай беретін болады. Әйткенмен, жақын күндері АҚШ боксшысы орта салмақтағы WBO белдігін бос қалдырып, екінші орта салмаққа ауысуы ықтимал. Сол кезде ол ұйымнан өзін Альварестің міндетті қарсыласы ретінде белгілеуді сұрауы тиіс. Ондай жағдай туындаса Альварес WBO белдігін бос қалдырып, Андрадемен кездеспеудің тағы бір амалын қарастыратын шығар», делінген мақалада.

Алайда автор Андраденің міндетті қарсылас Жәнібек Әлімханұлымен кездескісі келмейтіні туралы ләм-мим демегені таң қалдырды.