• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 26 Қаңтар, 2022

Флорида жағалауында мигранттар мінген қайық батып кетті

370 рет
көрсетілді

Флорида жағалауында 39 мигрант мінген қайық батып кетті. Олар Багам аралдарынан АҚШ-қа кіруге тырысқан. Әзірге апаттан тірі қалған бір адам табылды, деп хабарлайды Egemen.kz BBC агенттігіне сілтеме жасап.

Мигранттар жүзген қайық сенбі күні батып кетті, ал сейсенбі күні таңертең Форт-Пирс қаласынан 72 шақырым жерде балықшылар қайықтың корпусын ұстап тұрған адамды байқаған. Құтқарылған ер адам қайық Бимини аралынан шығып, дауылға түскенін айтты. Оның айтуынша, қайықта 39 адам болды, олардың барлығы құтқару кеудешелерінсіз қалған.

Бимини - Багам аралдарының ең батыс ауданы және Майамиден шамамен 130 км қашықтықта орналасқан.

АҚШ Жағалау күзеті қайықтың иелері адам контрабандасымен айналысқан деп санайды.

Оқиға орнына құтқару қайықтары мен тікұшақтар жұмылыдырылды, бірақ әлі күнге дейін тірі қалған бірде-бір адам табылған жоқ. Іздеу аймағының ені - 217 км.

Бұл Флорида суларында заңсыз мигранттардың Куба мен Гаитиден АҚШ-қа кіруге тырысқан бірінші жағдайы емес екені анықталды. Кейбіреулер американдық жағалауға жете алғанымен, онда оларды Жағалау күзеті ұстап алады.

Өткен жұмада күзет қызметкерлері Багам аралдарынан батысқа қарай бет алған қайықта 88 гаитиялықты тапты.