Нұр-Сұлтан қаласының құрылыс басқармасы биыл елордада қанша мектеп салынатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Өткен жылы біз 15 мектептің құрылысын аяқтауды жоспарладық. Бүгінде құрылыс жұмыстары аяқталды. Бюджеттік инвестициялық жоба аясында Майқайың, Тайбурыл, Оқжетпес-Бөкеев көшелеріндегі, Нәжімеденов - Сәтпаев қиылысындағы мектептердің құрылысы аяқталды. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде төрт мектептің, атап айтқанда, 28, 38 көшелерде 2000 орындық мектептің, Бұқар жырау көшесіндегі 2000 орындық мектептің, Байтұрсынов көшесіндегі 2000 орындық мектептің, сондай-ақ Жағалау шағын ауданында орналасқан мектептің құрылысы аяқталды», деді Нұр-Сұлтан қаласы құрылыс басқармасының басшысы Арсен Жанғасканов қалалық мәслихат отырысында.
Басқарма басшысының мәліметінше, өткен жылы Өндіріс көшесі мен Көктал шағын ауданында екі дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді.