• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Қаңтар, 2022

Оңтүстікте жарықтың өшу себебін тексеретін комиссия құрылды

207 рет
көрсетілді

Еліміздің оңтүстік өңірлерінде электр энергиясын өшіру себептерін тексеру бойынша арнайы комиссия құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Оңтүстік өңірлердің тұтынушыларын электрмен жабдықтауды бұзуға әкеп соққан КЕGOC АҚ электр желілерінде технологиялық бұзушылықтың пайда болу мен даму себептерін объективті және жан-жақты анықтау мақсатында Энергетика вице-министрінің басшылығымен арнайы комиссия құрылды», делінген хабарламада.

Тергеу нәтижелері бойынша болашақта осындай технологиялық бұзушылықтарға жол бермеу, сондай-ақ Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің жұмыс істеу сенімділігін арттыру мақсатында ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар әзірленетін болады.

Еске сала кетсек. 25 қаңтарда Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары мен Алматы, Шымкент қалаларында электр энергиясы апатты жағдайда ажыратылды. Сол күні сағат 16:00-де Қазақстанның оңтүстік аймағының барлық өңірлерінің тұтынушыларына электр энергиясын беру қалпына келтірілді.