• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Футбол 27 Қаңтар, 2022

Шешуші матчқа қатыса алмайды

253 рет
көрсетілді

Футзалдан Қазақстан ұлттық құра­масының ойыншылары Альберт Ақба­лықов пен Шыңғыс Есенаманов Ни­дерландта өтіп жатқан Еуропа чем­пионатының топтық кезеңіндегі ше­шуші матчқа қатыса алмайды.

Қазақстан футбол федерациясының мәліметі бойынша, олар үшінші тур аясын­дағы Италиямен өтетін ойында алаңға шықпайды. УЕФА тәртіптік-бақылау комитетінің шешімімен Қазақстан құра­масының ойыншысы Альберт Ақбалықов Словениямен өткен кездесуде «қызыл қағаз» алғаны үшін екі ойынға шеттетілді. Шабуылшы Финляндиямен өткен ойынға қатысқан жоқ. Енді Италиямен өтетін кездесуде де алаңға шыға алмайды.

Сонымен қатар шешуші ойында ұлттық құрамаға Шыңғыс Есенаманов та көмектесе алмайды. Ойыншының коронавирусқа қайта тапсырған сынағы оң нәтиже көрсетті. Жарыс ережесіне сәйкес, ойыншы бір ап­та (31 қаңтарға дейін) карантинде болады. Айта кетейік, футзалдан Қазақстан құра­масы ертең Италия футзалшыларымен кез­де­седі. Егер біздің құрама жеңіске жетсе, жа­рыстың плей-офф кезеңіне жолдама алады.