• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Өнер 27 Қаңтар, 2022

«Шаңырақ» аясындағы «Шалқыма»

520 рет
көрсетілді

Павлодар облыстық «Ша­ңырақ» халық шығар­машылығы орталығының жанынан «Шалқыма» атты дәстүрлі ән-жыр үйір­месі ашылды. Мұнда қа­ты­су­шылар домбырамен қа­тар қыл қобызды да үй­рене ала­ды.

Қорқыттың қарағайдан қайырып, үйеңкіден үйіріп алған қыл қобызы – әлемдегі ең көне аспап. Бүгінде оның тілін білетін өнерпаздар көп емес. Сондай-ақ көпшілікке үйрету бағыты да ақсап тұрғаны мәлім.

– Қобыздың үнінде қазақтың мұңы, қуанышы мен қайғысы жатыр. Мұн­дай саф өнерді жоғалтып алмау маңызды. Оны наси­хат­тау аймақтағы мәде­ниет, руханияттың ордасы са­налатын халық шығарма­шылығы орталығы үшін маңызды міндет болып табылады, – дейді об­лыстық «Шаңырақ» халық шығар­машылығы орта­лығының басшысы Жарқынбек Аман­тай.

Ал «Шалқыма» үйір­месінің жетекшісі Бөкен Жігердің айтуынша, басым­дық қобызға беріледі.

– Қазақтың дәстүрлі, халық әндерін, күйін үйре­теміз. Біздегі басты ерек­шелік, қатысушылар тек домбыра ғана емес, қобызда ойнауды да үйренеді. Үйір­ме жұмысында осы көне аспа­бымызға басымдық бе­руді жоспарлап отырмыз. Ондағы мақсат – қыл қобызды дәріптеу. Оны­мен қоса, қоғам арасында, әсіресе жастар тара­пы­нан қобызға деген қызы­ғу­шы­лықтың жоғары еке­нін байқадық, – дейді ол.