• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Жекпе-жек 27 Қаңтар, 2022

Оливейраның келесі қарсыласы – Гэтжи

505 рет
көрсетілді

Аралас жекпе-жек әлемінен хабар таратып жүрген журналист Бретт Окамото өзінің твиттерінде UFC-дің жеңіл салмақтағы әлем чемпионы Чарльз Оливейра келесі шайқасында кіммен шығатынын жазды, деп хабарлайды Egemen.kz championat.com-ға сілтеме жасап. 

Ол келтірген деректерге зер салсақ, Чарльз Оливейра октагондағы кезекті жекпе-жегін 7 мамыр күні өткізетін көрінеді. Чарльз Оливейра бұл күні америкалық Джастин Гэтжиге қарсы сегіз бұрышқа шығады. Осылайша әлеуметтік желілерде бірнеше мәрте бір-біріне тіл тигізген спортшылар өзара кім мықтыны анықтайды. Чарльз Оливейра соңғы шайқасында америкалық Дастин Порьені қылқындыру әдісімен мерзімінен бұрын жеңген еді.