Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев Женева қаласындағы (Швейцария) Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Сондай-ақ Ерлан Әлімбаев Мемлекет басшысының өкімімен ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.