• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Футбол 27 Қаңтар, 2022

Қазақстан жастар құрамасы жолдастық матч өткізеді

222 рет
көрсетілді

Қазақстан жастар командасы (U-19) Арменияда жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Нұр-Сұлтанда оқу-жаттығу жиынын өткізгеннен кейін команда Арменияға аттанады. Онда олар осы елдің құрамасымен 2 матч ойнайды.

19 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы 8 ақпанда Ереванға аттанады.

Айта кетелік, биылдан бастап еліміздің жастар құрамасын Вахид Масудов басқарады. Өткен жылы құраманы Александр Кузнецов жаттықтырған.