• RUB:
    5.28
  • USD:
    480.61
  • EUR:
    534.53
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 27 Қаңтар, 2022

Көз алдымда жұлдыздар ұшып жүргендей болды – Келл Брук

461 рет
көрсетілді

Кезінде Геннадий Головкинге қарсы шаршы алаңға шыққан ұлыбританиялық былғары қолғап шебері Келл Брук аталмаш кездесуді еске алып, ойымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бір сәттерде көз алдымда жұлдыздар ұшып жүргендей болды. Кәсіпқой бокстың жоқ жұлдызымен шаршы алаңды бөлісу мен үшін мәртебе еді. Оның соққысының жойқын екенін анық сезіндім. Ол шын мәнінде өте мықты боксшы. Аталмыш жекпе-жек мен үшін баға жетпес тәжірибеге айналғаны рас. Екеуміз соққы алмасқан кезде «О2» аренаға жиналған жанкүйерлердің даусы анық естіліп тұрды. Шаршы алаңда жүріп бокс фанаттарының айқайынан шабыт алғанымыз рас», деді ол Fightnews.info-ға берген сұхбатында.

Соңғы жаңалықтар