ҚР Білім және ғылым министрлігі «Болашақ» бағдарламасы бойынша мамандарды дайындайтын оқу орындары тізіміне Ресейдің жетекші техникалық университеттері енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тізімге барлығы 27 елден 200-ден астам университет енгізілген.
Енді техникалық бағыттағы мамандарды даярлайтын тізімге ресейлік ЖОО-лардан Н.Е.Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті;
«MИФИ» Ұлттық зерттеу ядролық университеті;
М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті;
Санкт-Петербург мемлекеттік университеті;
Мәскеу физика-техникалық институты енді.
Сондай-ақ, министрлік қазіргі уақытта «МИСиС» Ұлттық зерттеу техникалық университетін және ИТМО Ұлттық зерттеу университетін тізімге енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын айтты.