Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI Съезінде Елбасының ерен еңбегі жөнінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Тұңғыш Президенттің тарихи еңбегін ұмытпайық. Ақыр соңында объективті және шыншыл болу керек. Өткенді жамандаған халықтың болашағы жоқ. Өткен заманды жоққа шығаратын, өз басшыларына шабуыл жасайтын халықтың болашағы екіталай әрі бұлыңғыр», деді Президент.
Ол сондай-ақ, еліміздің қазіргі экономикалық ахуалы жөнінде пікір білдірді.
«Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан барлық экономикалық көрсеткіштер бойынша Орталық Азия өңірінде алдыңғы қатарға шыққанын ұмытпау керек», деп қосты Мемлекет басшысы.