Қазақстандық олимпиадашылар Бейжіңге ұшып келді. Атлеттер қажетті тексеруден өтіп, ПТР сынағын тапсырып, олимпиадалық ауылға беттеген, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Айта кетелік, Қазақстанның олимпиадалық командасы арнайы чартерлік рейспен кеше Бейжіңді бетке алған болатын.
Алғашқы рейспен конькимен жүгіру, фристайл-могул, шорт-трек, тау шаңғысы, шаңғымен тұғырдан секіру және шаңғы қоссайысынан ұлттық құрамалар ұшып кеткен.