• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Қаңтар, 2022

Атырауда жаппай тәртіпсіздікке қатысты 22 қылмыстық іс тіркелді

322 рет
көрсетілді

Атырауда жаппай тәртіпсіздікке қатысты 22 қылмыстық іс тіркелген. Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаментінен мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздікке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне 22 қылмыстық іс тіркелді. Атырау қаласында шабуылдан 13 қызметтік автокөлік пен бір заңды тұлғаның автокөлігіне зақым келтіріліп, залал құны 200 миллион теңгеден асты. Құқық бұзушылардың заңға қайшы іс-әрекеттерінің алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезінде 80-нен астам құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілер жарақат алды. Аталған қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған деген күдікпен 26 адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», дейді полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Болат Көшқалиев.

Оның айтуынша, көрсетілген адамдардың кінәсі бейнебақылау камераларының түсірілімдерімен, әлеуметтік желілерде жарияланған роликтермен, сондай-ақ, ұялы телефондардағы анықталған деректермен дәлелденген.

«Қылмыстық іс шеңберінде 99 сараптама тағайындалып, 400-ден астам адамнан жауап алынды. Антитеррорлық операцияны жүргізу кезінде облыс аумағынан 4 дана қару мен 48 дана арнайы құралдар тәркіленді. Азаматтардан түскен әр шағым прокуратура органынан басқа полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлерімен қаралып жатыр», деп мәлім етті Болат Көшқалиев.