• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Оқиға 29 Қаңтар, 2022

Атырауда жол апатынан бес адам көз жұмды

152 рет
көрсетілді

Атырау облысында жол апаты бес адамның өмірін қиды. Қаза болғандардың екеуі – кәлеметке толмаған балалар, деп хабарлайды Egemen.kz «Мой город» порталына сілтеме жасап.

Оқиға 28 қаңтар күні 16:00 шамасында Доссор – Құлсары – Бейнеу тас жолының 71 шақырымында орын алған.

Атырау облысы полиция департаментінің ақпаратынша, Өзбекстанда тіркелген MAN жүк көлігі мен Алматы облысының тұрғынына тиесілі Toyota Camry автокөлігі соқтығысқан.

«Жол апаты салдарынан Toyota Camry жүргізушісі мен төрт жолаушы (екеуі – кәмелетке толмаған балалар)  оқиға орнында қаза болды», делінген хабарламада.