Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Хабар 24» арнасының тілшісіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Лаңестердің бір тобы Алматы қаласындағы 5 жұлдызды қонқ үйлердің бірінде тұрақтаған. Олардың жатын орынына, тамағына қаржыны кім берген? Олар «Қазақстан» қонақ үйінің бірінші қабатында ұйымдастыру штабын орналастырған. Қазір тергеу жүріп жатыр. Куәгерлерден оқиғаның мән-жайы сұралуда, Тіпті жаңа фактілер де анықталуда», деді Президент.