• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қоғам 30 Қаңтар, 2022

Әлеуметтік кодекс әлеумет мәселесін шеше ала ма?

1222 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік кодексті әзірлеу бойынша жұмыс жүргізуде.

 

Құжатта мынадай қағи­дат­тар­ды бекіту ұсыны­ла­ды: мұқ­­таж­­дықты ескере оты­рып, әлеу­меттік көмек көр­се­ту­дің атаулылығы мен сара­л­анған тәсілі; әлеуметтік тәуе­кел­дердің алдын алу және ес­кер­ту; экономикалық ресурс­тар мен әлеуметтік саясат мін­детте­рінің мөлшерлестігі; мем­ле­кеттің, жұмыс берушілер мен аза­маттардың ортақ жауап­кер­шілігі; әлеуметтік сая­сат­тың инк­лю­зивтілігі; әлеумет­тік қор­ғау­­дың құпиялы­лығы және ха­лықаралық стан­дарт­тарға сәй­кестігі.

Кодексті әзірлеу үшін ведомство жанынан Парламент Мәжілісі мен Сенаты депутаттарын қоса алғанда, жүзден астам сарапшылардың қатысуымен жұмыс тобы құрылды, 30-дан астам заңнамалық және 150 заңға тәуелді актілер зерделенді, халық пен қоғамдық бірлестіктерден 500-ге жуық ұсыныс қаралды, Ко­дек­стің тұжырымдамасы әзір­лен­ді.

«Қазіргі уақытта қазақстан­дық­тарға әлеуметтік қамсыз­дан­ды­ру шараларының кең спектрі беріледі, олар 1 Кодекспен, 16 заңмен және 100-ден астам заңға тәуелді актімен реттеледі. Жаңа кодекстің негізгі мақсаты – халық үшін олардың түсінігін жеңілдету үшін осы саладағы қол­да­ныстағы заңнаманың бар­лық нормаларын бір құжатта шоғыр­ландыру. Кодексті қабыл­дау нормативтік құқықтық акті­лер­ді баяндаудың бірыңғай стилін қамтамасыз етеді, бұл әлеу­­меттік қамсыздандыру сала­сын­­дағы бірқатар заңның 90-шы жылдардың басында қа­был­дануына, содан бері НҚА-ны әзірлеу тәсілдерінің айтарлықтай өзгергеніне байланысты қажет. Бұдан басқа, Кодекс шеңберінде азаматтардың әлеуметтік құқық­та­рын жүйелеу жүзеге асырылады – бір құжатта адам өмірінің барлық салаларында туындайтын базалық құқықтар, оның ішінде ең төменгі әлеуметтік стан­дарт­­тар көрсетіледі», деді ми­нистр­­ліктің Заң қыз­ме­ті депар­та­­ментінің директоры Анжелика Парсегова.

Ол сондай-ақ Батыс Еуро­па­ның кейбір елдерінде (Анг­лия, Италия, Бельгия және т.б.) әлеуметтік кодекстер жоқ екенін атап өтті, бұл мұқтаж аза­маттарды қамтамасыз ету дең­гейіне әсер етпейді. Бұл мем­лекеттер халықаралық қо­ғам­дастықтың актілерін, атап айтқанда Еуропа Кеңесінің актілерін басшылыққа алады. Германияда, Францияда, Швецияда, Аустрияда, Үндіс­тан­да және т.б. елдерде әлеу­мет­тік кодекстер, сондай-ақ әлеу­меттік қамсыздандыру ко­декстері қабылданды, сонымен бірге шетелдердің әлеу­мет­тік кодекстерімен реттелетін мә­се­лелер тізімі өте кең болып ке­ле­ді және бірыңғай емес. Мы­са­­лы, Францияда бұл құжат жұ­мыссыздық мәселелерін рет­те­мейді, ал Үндістанда – көп бө­лігі Еуропа елдерінің әлеу­мет­тік кодекстерімен рет­тел­мейтін еңбек қатынастарына арналған.

«Халықаралық тәжірибені ескере отырып, Әлеуметтік кодексте мынадай қағидаттарды бекіту ұсынылады: мұқтаждықты ескере отырып, әлеуметтік көмек көрсетудің атаулылығы мен са­раланған тәсілі; әлеуметтік тәуекелдердің алдын алу және ескерту; экономикалық ресурс­тар мен әлеуметтік саясат мін­деттерінің мөлшерлестігі; мем­ле­кеттің, жұмыс берушілер мен аза­маттардың ортақ жауап­кер­шілігі; әлеуметтік саясаттың инклю­зивтілігі, әлеуметтік қор­ғау­­­дың құпиялылығы және ха­лықаралық стандарттарға сәй­кес­­тігі», деді А.Парсегова.

Оның айтуынша, жұмыс тобы екі – жалпы және ерекше бө­ліктен тұратын Кодекс жасауды ұсынады. Жалпы бөлікте мемлекет пен азамат арасындағы әлеу­мет­тік қатынастарды олардың өзара міндеттемелерін нақты айқындай отырып, құқықтық реттеудің негіздері белгіленеді. Ерекше бөлік әлеуметтік тәуе­кел­­дердің жекелеген түрле­рі­не арналған, онда оларға ден қою шаралары, әлеуметтік кө­мек алушылардың санатта­ры, төлемдердің мөлшері, олар­­­ды тағайындау шарттары мен мерзімдері айқындалады. Сон­дай-ақ әлеуметтік қызмет­кер­­лер мен әлеуметтік инс­ти­тут­тар­дың құқықтық мәр­те­­бесі рег­ла­мент­те­лмек.

Әлеуметтік кодекстің тұ­­жы­­­рым­­­да­масында:

- әлеуметтік құқықтар мен кепілдіктерді қамтамасыз ету жөніндегі шараларды күшейту (аза­маттардың құқықтық сауат­ты­­лығын арттыру; мұқтаж отба­сы­ларды әлеуметтік сүйемелдеу институтын дамыту);

- азаматтарды әлеуметтік қол­дауды жаңғырту (Әлеу­мет­тік қамсыздандырудың халық­ара­лық ең төменгі нормаларынан кем емес деңгейде әлеуметтік төлемдерді қамтамасыз ету; сырқаттану кезінде жұмыс іс­тей­тін азаматтардың әлеу­мет­тік қорғалуын арттыру; әлеуметтік қызметтерді жан басына шақ­қан­да­ғы қаржыландыруды енгізу; демографиялық трендтерді ескере отырып, зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру);

- әлеуметтік стандарттарды ұсынудың интеграцияланған моде­лін енгізу («Цифрлы әлеу­мет­тік картаны» енгізу; от­ба­сы­лардың мұқтаждық жағ­да­йынан шығуын ынталандыру; әлеу­меттік саланың бағыттары бо­йынша алдын алу шараларын қабылдау);

- мемлекеттік көрсетілетін қыз­меттерді трансформациялау және реинжинирингтеу (өтініш бе­руден проактивті қызмет көр­се­туге көшу; мүгедек адам­дар­­ды сырттай куәландыру; атау­лы әлеуметтік көмек көрсету про­цестерін автоматтандыру; «әлеуметтік әмиянды» кезең-кезеңімен енгізу);

- әлеуметтік институттар­ды реформалау көзделеді (зей­нетақы мен жәрдемақы тағайын­дау жөніндегі функцияларды бере отырып, Мемлекеттік әлеу­меттік сақтандыру қоры база­сында Мемлекеттік әлеумет­тік қор құру; әлеуметтік сала­ның қар­жылық ағынын шоғыр­лан­ды­ру).

«Келешекте Әлеуметтік ко­дек­сті қабылдау: азаматтардың өздерінің әлеуметтік құқықтары мен міндеттері туралы бірың­ғай білім көзін құруға; халық­тың әлеуметтік әл-ауқатының автоматтандырылған мони­то­рин­гін жүргізуге; әлеуметтік құқықтар мен кепілдіктерді қам­­та­масыз ету бойынша ал­дын алу шараларын қабыл­дау­ға; мемлекеттік қызметтерді электронды және проактивті форматта көрсетуге; азамат­та­рымыздың әлеуметтік қор­ға­луы мен өмір сүру деңгейін арт­ты­руға мүмкіндік береді», деді А.Парсегова.