• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Әлем 31 Қаңтар, 2022

Канададағы шеру

287 рет
көрсетілді

Сенбіде Канаданың астанасы От­тавада мыңдаған адам премьер-ми­нистр Джастин Трюдоның коро­навирусқа қарсы вакцинаны міндеттеуіне қарсылық танытып көшеге шықты, парламент алдында бейбіт наразылық акциясын өткізді.

Шеруге бастапқыда «Бостандық колоннасы» деп аталатын жүк көліктерінің жүргізушілері шыққан еді. Олар вакцина егу талабына наразылық білдірді. Бірақ митингтің жалғасы пандемия кезінде үкіметтің шектеу шараларын көбейтуіне қарсылық ретінде өрбіді.

Митинг сенбі күні таң атпай ерте басталып, түске дейін жалғасты. Тұр­ғын­дар Оттаваның шығыс пен батыс жағалауларын және олардың арасын­дағы жерлерге көліктерін қаңтарған жүргізушілерге түскі ас берді.

Митинг кезінде бетперде кигендер аз болды. Бірақ көбі қалың киінді, өйт­ке­ні ауа температурасы - 21 градусты көрсе­тіп тұрған. Жергілікті медианың хабарлауынша, қала орталығындағы сауда орындары шерушілер бетперде киюден бас тартқандықтан есіктерін жауып алған.

Жеке басына қауіп төнгендіктен Д.Трюдо және оның отбасы Оттава қа­ла­сының орталығындағы үйінен кет­­кен. Оның кеңсесі бұған қатысты түсі­ніктеме бермейтінін айтты. Трю­доның алаңдауына себеп бар.

Осы аптаның басында ол жүк көлік­тері жүргізушілерінің ой-пікірлері жал­пы канадалықтардың көзқара­сын біл­дір­мейтінін алға тартып, оларды аз­шы­­лыққа теңеді. Канаданың транс­ше­ка­ралық жүк көлігін жүргізе­тіндер­­дің 90 пайызға жуығы және халықтың 77 па­­йызы екі рет коронавирус вакцинасын салдырған.

Трюдо қазан айындағы сайлау қар­­саңында қызметкерлерге вакцина мін­деттелетінін жариялады. Содан кейін өт­кен айда Канада мен Америка Құра­ма Штат­тары трансшекаралық жүк та­сы­мал­­­дау­шыларға вакцина салуды тапсырды.