Футзалдан Нидерландыда өтіп жатқан Еуропа чемпионаты күн санап мәресіне жақындап келеді. Ширек финалға қиналмай шыққан Қазақстан құрамасы бүгін Украина құрамасымен кездеседі, деп хабарлайды Egemen.kz.
31 қаңтардан 1 ақпанға қараған түні сағат 01:00-де өтетін ойынды «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді. Жартылай финалдың жолдамасы сарапқа салынатын кездесуде букмекерлік кеңселер Қазақстан құрамасын фаворит санап отыр. Parimatch букмекерлік кеңсесі бұл кездесуде Қазақстан құрамасы жеңеді дегенге 1,61 коэффициент, Украина құрамасы басым түседі дегенге 3.75 коэффициент ұсынған. Букмекерлік кеңселер тым сирек қателесетінін ескерсек, Қазақстан құрамасы жартылай финалға шығуы тиіс.