Қор таратқан дерекке сүйенсек, 2022 жылдың 16 қаңтары мен 28 қаңтары аралығында қор шоттарына барлығы 93,3 млрд теңге аударылған, деп жазады Egemen.kz.
Болжамдық есептерге сәйкес, қор жылына кемінде 100 млрд теңге көлемінде қаражат жинақтайды. Алдын ала есептеулер шетелдік және халықаралық компаниялардан қаражат алуды көздемейді.
28 қаңтарда «Қазақстан халқына» қоры шоттарына қаражат аударғандар:
«ERG КӨМЕК» корпоративті қоры – 30 млрд теңге; «Халық» қайырымдылық қоры - 10 млрд теңге; Сулейменов Диас Тулеутаевич – 450 млн теңге; «Банк Центр Кредит» АҚ - 200 млн теңге; «Көліктік сервис орталығы» АҚ - 150 млн теңге.Қор басшылығы алынған барлық қаражаттың толық ашықтығы мен есептілігі қамтамасыз етілетінін мәлімдейді. Ақша Қазақстан халқының игілігіне, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, білім, мәдениет және спорт проблемаларын шешуге бағытталады.
«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік сала, мәдениет және спорт салаларындағы нақты мәселелерді шешу жөніндегі бастамасын қолдаған барлық қазақстандықтарға, ірі кәсіпорындарға, еңбек ұжымдарына алғыс білдіреді.