• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Жекпе-жек 01 Ақпан, 2022

Нганнуға қомақты қаржы ұсынды

243 рет
көрсетілді

Ресейлік Hardcore FC ұйымының жетекшісі Анатолий Сульянов ауыр салмақтағы UFC чемпионы Фрэнсис Нганнуға ұсыныс жасады, деп хабарлайды Egemen.kz sports.kz-ке сілтеме жасап. 

«Фрэнсис, UFC саған көңіл көншітерліктей гонорар төлемегенінен хабардармыз. Тапқан табысың еңбегіңе сай болуы керек. Сенің орның – сегіз бұрыш емес, шаршы алаң. Боксшы ретінде де өзіңді көрсетуің керек. Сондықтан саған тың ұсыныс жолдап отырмын. Аса ауыр салмақтағы біздің чемпион Тимур Слащининмен кездесуге қалай қарайсың? Қомақты қаржы табасың. Біз сенің жауабыңды күтеміз», дейді ол.