Шымкентте көшеде өтіп бара жатқан адам қоқыс контейнерінен әйел адамның мәйітін тауып алды, деп хабарлайды Egemen.kz Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға туралы хабарлама полицияға ақпан айының алғашқы күні таңертең түскен.
Көрпеге оралып, сөмкеге салынған мәйіт Жангелдин көшесіндегі қоқыс контейнерінен табылған.
Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері марқұмның 35 жаста болғанын анықтады. Егжей-тегжейлі тексеру кезінде тергеушілер мәйіттен қан ізін тапқан.
Тексеру жұмыстары басталды.