• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 01 Ақпан, 2022

Левитті алтынсыз қалдырған боксшы үздіктер қатарына енді

591 рет
көрсетілді

Бірінші ауыр салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген ресейлік кәсіпқой боксшы Евгений Тищенко WBA рейтингінде үздік он бес боксшының қатарына енді, деп хабарлайды Egemen.kz championat.com-ға сілтеме жасап. 

Ресейлік боксшы соңғы жекпе-жегінде отандасы Дмитрий Кудряшовтан айласын асырып, WBC international белдігін иеленген еді. Жалпы ол кәсіпқой рингте өткізген он жекпе-жегінің біреуінде жеңілістің кермек дәмін татса, қалған тоғызында қарсыластарынан басым түскен.

Естеріңізге сала кетейік, Евгений Тищенко Рио Олимпиадасының финалында отандасымыз Василий Левитпен кездескен болатын. Аталмыш жекпе-жекте қазақстандық боксшы айқын басымдыққа ие болса да, төрешілер көпе-көрінеу шешім шығарып, ресейлік боксшыны Олимпиада ойындарының жеңімпазы деп таныған еді.