• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 02 Ақпан, 2022

Головкинмен кездесетініме 100 пайыз сенімдімін – Юбенк

2282 рет
көрсетілді

Ұлыбританиялық кәсіпқой боксшы кіші Крис Юбенк отандасы Лиам Уильямсқа қарсы өтетін жекпе-жектен кейін IBF, IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы шаршы алаңға шығатынына сенімді, деп хабарлайды Egemen.kz sports.kz-ке сілтеме жасап. 

«Уақытында Головкинге қарсы өтуге тиіс шайқастан бас тартқан жоқпын. Кездесудің ұйымдастырылмауы – менің кінәм емес. Сол кезде оған қарсы шыққан Келл Бруктың жағдайын көрдіңіздер. Көзін жарақаттап алды. Ал мен алдағы жекпе-жегімнен кейін Геннадий Головкинмен және кәсіпқой бокс әлемінің өзге де жұлдыздарымен шаршы алаңда жолығатыныма сенімдімін», дейді ол.