Аса ауыр салмақтағы WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы, ұлыбританиялық боксшы Тайсон Фьюри мен оның отандасы Диллиан Уайт өзара жекпе-жек мәселесі бойынша жедел келісім шарт ұсынуы тиіс, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бүкіләлемдік бокс кеңесі екі боксшы арасындағы шайқастың өтетінін растайтын келісімшарт 21-ақпанға дейін ұсынылуы тиіс екенім мәлімдеді. Деректерге сенсек, ұлыбританиялық былғары қолғап шеберлері арасындағы жекпе-жек 23-сәуір күні Ұлыбританияда өтуі тиіс. Екеуара кездесудің жеңімпазы болашақта үш тұжырым бойынша әлем чемпионы Александр Усикпен қолғап түйістіруі ықтимал.