Қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов өткен түнде Лос-Анджелеске UFC ұйымындағы үшінші жекпе-жегін өткізуге барды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Instagram желісінде Dar Pro Team жекпе-жек клубы мәлімдеді.
«Шавкат Рахмоновтың октогонға оралуына санаулы күндер қалды», деп атап өтті промоутер.
Еске салайық, 5 ақпанда Рахмонов UFC турнирінде бразилиялық Карлстон Харриске қарсы айқасады.