«Қазақстан темір жолы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 ақпанда сағат 13.55-те жүк пойызының 12 вагоны жолдан шығып кеткен, деп жазады Egemen.kz.
«Құрамның ішінде бидай болды. Вагонның бүйір жақтауы сынып кеткен. Апат орнында Сары-Шаған, Шу және Балқаш станцияларының қалпына келтіру пойыздары жұмыс істеп жатыр. Қазір Жамбыл бөлімшесі учаскесінде поездардың бір жолды қозғалысы қалпына келтірілді. Жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр», деді компания баспасөз қызметінің өкілі.