• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 03 Ақпан, 2022

ТМД: Тәжікстан өнеркәсіп өндірісінің өсімі бойынша алда

395 рет
көрсетілді

2021 жылдың соңында Тәжікстан өнеркәсіп өндірісінің өсімі бойынша ТМД елдері арасында бірінші орынға шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы сәрсенбі күні журналистерге Индустрия және жаңа технологиялар министрі Шерәлі Кабир айтты. 

«Тәжікстанның өнеркәсіп өндірісінің көлемі 38,8 млрд сомониге (3,4 млрд доллардан астам) жетті. Бұл 2020 жылғы көрсеткіштен 23%-ға артық», деді министр.  

Оның айтуынша, республикада өндірілген өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемінің 32 пайызы тау-кен өнеркәсібіне, 20 пайызы электр қуатына, 19 пайызы азық-түлікке тиесілі.