• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Ауа райы 03 Ақпан, 2022

Елдің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

343 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК 4 ақпандағы ауа райының қолайсыздығына байланыста 7 өңірде ескерту жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында және таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі.

Шымкент қаласында түнде және таңертең тұман түседі. Қарағанды облысының оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында 18 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман сақталады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде және орталығында күші 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

4 ақпанда түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні Павлодар облыстың шығысында тұман күтіледі. Павлодар қ.: түнде 04 ақпанда тұман түседі.

Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында және таулы аудандарында 15-20 м/с, 05 ақпанда екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Соңғы жаңалықтар