• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 04 Ақпан, 2022

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

211 рет
көрсетілді

4 ақпан күні ел территориясының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп жазады Egemen.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, еліміздің батысы мен солтүстігінде атмосфералық фронталды бөліктер әсерінен солтүстікте қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Батыста жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болжанады. Республика бойынша жекелеген аймақтарда тұман және желдің күшеюі күтіледі.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман түсіп, 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман болады. Күндіз таулы аудандарда жел 15-20 м/с артады.

Жамбыл облысының солтүстігінде және таулы аудандарында тұман болжанады. Күндіз облыстың солтүстік–шығысында, таулы аудандарында желдің күші 15-20 м/с күшейеді.

Атырау облысының батысына, Маңғыстау облысының солтүстік-батысына тұман түседі. Аталған өңірлердің шығысында, оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с артады.

Қостанай облысының солтүстігінде, түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді. Аталған өңірлердің оңтүстігінде, оңтүстік-батысын тұман басады.

Ақтөбе облысында желдің күші 15-20 м/с артады.

Күндіз Қарағанды облысының батысында желдің екпіні 18 м/с күшейеді.

Ақмола облысының оңтүстігін, Батыс Қазақстан облысының солтүстігін, Шығыс Қазақстан облысының шығысын, Қызылорда облысының солтүстігін, орталығын, Павлодар облысының солтүстігін, түнде шығысын тұман басады.