• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 04 Ақпан, 2022

Джошуа Усикті бапкерсіз жеңетінін айтты – Эдди Хирн

522 рет
көрсетілді

Ұлыбританиялық белгілі промоутер Эдди Хирн аса ауыр салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы Энтони Джошуа украиналық Александр Усикті бапкерсіз жеңетініне сенімді, деп хабарлайды Egemen.kz championat.com-ға сілтеме жасап.

«Бізде басқа нұсқа жоқ. Энтони Александр Усиктен чемпиондық белдіктерді қайтарып алғысы келеді. Мен одан жаңа бапкермен жұмысты қалай бастауға ниеттеніп отырғаны туралы сұрадым. Сол кезде ол: «Мен Александр Усикті бапкерсіз-ақ жеңемін» деді. Қысқасы Энтони Джошуа қарымта жекпе-жекте барын салатын болады. Әрине, бұл шайқас ол үшін оңайға соқпайды. Алайда жеңіске бастар жолды жаңылмай табуы тиіс», деді ол.