• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Ақпан, 2022

Оралда Полиция басқармасы бастығының орынбасары ұсталды

358 рет
көрсетілді

Орал қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары пара алғаны үшін ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚР ІІМ өзіндік қауіпсіздік департаменті жүргізген жедел іс-шаралар барысында оның ұсталғанын нақтылады.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 366-бабы «Пара алу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«ІІМ пара алу және полицейлер жол берген азаматтардың құқықтарын бұзу фактілерінің жолын одан әрі де кесетін болады. Олардың кесірінен Қазақстан халқына қызмет ететін адал және таза полицейлердің атына кір келтіріледі. Қатардағыларды тазарту жалғасуда», деді ҚР ІІМ ӨҚД бастығы Арман Саданов.