ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жасөспірімдерді, жүкті және бала емізетін әйелдерді вакцинациялау бойынша өзекті ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық сақтау министрлігінің 2022 жылғы 6 ақпандағы деректері бойынша Pfizer вакцинасының I дозасын - 687 838 адам, ал II дозасын - 376 687 адам салдырды.
I доза: жасөспірімдер – 567 281, жүкті әйелдер – 27 283, бала емізетін әйелдер – 87 809.
II доза: жасөспірімдер – 307 561, жүкті әйелдер – 17 361, бала емізетін әйелдер – 51 749.