• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
Мультимедиа 06 Ақпан, 2022

Twitter «ұнамайды» түймесін тестілеуді бастады

162 рет
көрсетілді

Twitter әзірлеушілері теріс пікірлерді бағалау мүмкіндігін сынау үшін аудиторияны кеңейтуге шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа функция Twitter сайтында және Android платформасына арналған мобильді қосымшада пайда болады, ал iOS операциялық жүйесінің пайдаланушылары бұл функцияға бұрын да қол жеткізген.

Twitter бұны өткен жылы тестілей бастады. Алайда, компания өкілдері бұл функцияны «дизлайк» деп атамауға шақырды.

Сарапшылар функция қарапайым болып көрінетініне қарамастан, оны енгізу теңгерімді талап ететінін атап өтті.

Компания өкілдерінің айтуынша, мұндағы мақсат - қарым-қатынас сапасын жақсарту. Алдын-ала жүргізілген сынақтар, пайдаланушылар бұл батырманы қорлайтын пікірлерге немесе орынсыз деп қабылдаған жазбаларға ғана қолданғанын көрсетті.