Биыл Қазақстанда 100 мыңнан аса түлек Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтеді. Бұл туралы «Қазақстан» телеарнасы хабарлады.
Ресми дерекке жүгінсек, бұл сынақ 154 пунктте өткізіледі және ол бойынша арнайы комиссия құрылады. «ҰБТ-да қолданылатын емтихан материалдары жасақталуда. Ұлттық бірыңғай тестілеу пункттерінде 10 наурыздан бастап 25 сәуірге дейін түлектерден өтініштер қабылданады», - делінген Білім және ғылым министрлігінің хабарламасында.
Биыл 134 648 оқушы мектеп бітіреді. Шамамен 107 000 түлек ҰБТ-ға қатысатын көрінеді. Бір ескере кететін жағдай, ҰБТ форматына айтарлықтай өзгеріс енгізілмейді. Жалпы, қазір еліміз аймақтарында осы сынақ жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Әмірхан Алмағанбетов.
Дереккөз: «Қазақстан» телеарнасы.
Фото: Schoolkz.ru.