Ұлыбритания патшайымы Елизавета ханзада Чарльз патша тағына жайғасқанда оның әйелі Камилла патшайым-консорт титулына ие болғанын қалайтынын мәлімдеді.
Елизавета таққа отырғанына 70 жыл толуына орай жазған хатында британ жұртшылығының өзіне деген адалдығы мен сүйіспеншілігін ой елегінен өткізгенін атап өткен.
«Уақыт өте келе, ұлым Чарльз патша болғанда маған көрсеткен қолдауларыңызды оған және оның әйелі Камиллаға да көрсететіндеріңізді білемін. Менің шын тілегім, уақыты келгенде, Камилла адал қызметін жалғастыра отырып, Королева-консорт атанғанын қалаймын», деді Елизавета патшайым.