• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Футбол 07 Ақпан, 2022

Камерун қола медаль алды

252 рет
көрсетілді

Футболдан Камерунда өтіп жатқан Африка кубогы жолындағы жарыстың қола медалі алаң иелеріне бұйырды.

Жартылай финалда Камерун Мысырдан ұтылса, Буркина-Фасо Сенегалға есе жіберген еді. Сол межеде сүрінген қос команда үшінші орынды өзара сарапқа салды. Ел астанасы – Яундедегі Ахмаду Ахиджо стадионында өткен бәсеке голдарға толы болды. Алғашында Буркина-Фасо қатарынан үш рет допты торда тулатты. Бұл голдардың авторлары – Яго (24 минут), Онана (24 минут, автогол) және Уаттара (49 минут). Десек те кездесудің екінші кезеңінде естерін жиған камерундықтар жергілікті жанкүйерлерді қуантудың барлық амал-әрекетін жасады. Алаң иелерінің бұл талпынысы өз жемісін берді. 71-минутта Баокен мергендік танытса, 85 және 87-минуттарда Әбубакар қатарынан екі рет нысананы дәл көздеді. Есеп – 3:3.

Негізгі уақыт тең аяқталғаннан кейін қосымша уақыт белгіленді. Бірақ одан ештеңе өзгерген жоқ. Ал пенальти соғу барысында Камерун құрамасының бағы жанып, олар қола медаль иегері атанды. Есеп – 5:3.