• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Парламент 07 Ақпан, 2022

Сенаторлар алдағы Палата отырысының күн тәртібін бекітті

190 рет
көрсетілді

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Бюро отырысы өтті, онда 10 ақпанға жоспарланған Палата отырысының күн тәртібі бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенат отырысында Сенат депутаты Ләззат Қалтаеваның ант беруі және оны Парламент Сенатының тұрақты комитетінің құрамына сайлау мәселесі қаралады.

Сондай-ақ сенаторлар «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен АҚШ Үкіметі арасындағы халықаралық салық тәртібін жетілдіру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қарайды. Құжаттың мақсаты Қазақстан Үкіметі мен АҚШ үкіметінің автоматты ақпарат алмасу үшін тиімді инфрақұрылымды пайдалана отырып, салық салу мәселелерінде өзара жәрдем көрсетуі арқылы халықаралық салық тәртібін жетілдіру болып табылады.

Бұдан басқа, Бюро отырысында Сенаттың тұрақты комитеттері арасында бұдан әрі жұмыс жүргізу үшін мәжіліс бұрын мақұлдаған заң жобалары таратылды.