• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Ауа райы 07 Ақпан, 2022

-30 градусқа дейін аяз болады: Синоптиктер алдағы күн райына болжам жасады

4311 рет
көрсетілді

Синоптиктер 8, 9 және 10 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан аумағының басым бөлігіне ай аяғына қарай Екатеринбург аудандарынан келетін циклон әсер етеді.

«Осыған байланысты ауа райы тұрақсыз сипатта болады. Жауын-шашын, тұман, көктайғақ болып, жел күшеюі мүмкін. Ай аяғына қарай, Қазақстанның солтүстік, шығыс, орталық өңірлеріне Батыс Сібір аудандарынан келетін антициклон әсер етеді. Сондықтан жауын-шашын тоқтап, температура төмендейді», делінген хабарламада.

Солтүстік өңірлерде түнде 15...28 градусқа дейін, орталық өңірлерде 15...25 градусқа дейін, ал шығыста 15...30 градусқа дейін аяз болады.