• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Футбол 07 Ақпан, 2022

Диего Коста ресейлік командаға ауысуы мүмкін

425 рет
көрсетілді

Мадридтің «Атлетико» футбол клубының бұрынғы шабуылшысы Диего Коста жақын күндері ресейлік «Зенит» немесе «Краснодар» футбол клубтарының біріне ауысуы ықтимал, деп хабарлайды Egemen.kz championat.com-ға сілтеме жасап.

Ресейлік командалардың ұсыныс жасағаны туралы футболшының өзі хабарлады. Әйткенмен, Диего Коста түркиялық «Фенербахче» командасында ойнағанды жөн көретінін де жеткізген. Футболшы өзін қатарға қосқысы келетін командалардан жылына 2 миллион доллар көлемінде жалақы беруді талап етпекші.  

Диего Коста соңғы рет бразилиялық «Атлетико Минейро» футбол клубында ойнаған болатын. Ол аталмыш ұжымның сапында 19 мәрте жасыл алаңға шығып, бес гол соқты. Сондай-ақ бір мәрте нәтижелі пастың авторы атанған. Ал жалпы кәсіби мансабында Диего лондондық «Челси», испаниялық «Сельта» секілді көптеген командалардың жейдесін киген еді.