• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 07 Ақпан, 2022

Ердоған президенттік сайлауға тағы да түседі

469 рет
көрсетілді

Түркияның қазіргі президенті Режеп Тайып Ердоған 2023 жылы маусымда өтетін сайлауда Түркия президенттігіне үшінші рет түседі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Star газеті «Ұлттық қозғалыс партиясының» басшысы Девлет Бахчелиге сілтеме жасап хабарлаған. 

Ердоған биліктегі «Әділет және даму партиясы», «Ұлттық қозғалыс партиясымен» біріккен «Халық альянсы» атынан қатысады. 

Ердоған сайлауға биліктегі Әділет және даму партиясы мен «Халық альянсы» атынан қатысады. 

Бахчелидің айтуынша, Ердоғанның қайта сайлануына еш кедергі жоқ. 

«Біздің президенттікке үміткеріміз анық. Ол - Режеп Тайып Ердоған. 2023 жылғы маусымда өтетін сайлауда Ердоған мырзаның үлкен басымдықпен жеңіске жететініне және «Халықтық альянстың» да кезекті жеңісіне сенемін. Біз президенттің кем дегенде үш мерзімге сайлануы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», деді Ұлттық қозғалыс партиясының басшысы.